Сметалық бөлім

Сметный отдел

Сметалық бөлім — жобалау мен құрылыстағы ең маңызды бөлімдердің бірі. «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС мамандары үлкен жұмыс атқарады: олар бағаны қалыптастыру және сметалық нормалау жөніндегі нормативтік құжаттар жүйесі арқылы құрылыстың сметалық құнын дұрыс анықтап, құрылысқа, оны ұйымдастыруға және қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды дұрыс есептеуді қамтамасыз етеді:

  • жобаның кез келген жауапкершілік деңгейіндегі жобалық құжаттама, ақаулық тізімдер, техникалық тапсырмалар, жекелеген жұмыс түрлері мен шығындар бойынша калькуляциялар және т.б. бойынша сметалық есептеулерді (жергілікті сметалар, нысандық сметалар, жиынтық сметалық есептеулер) жасау;
  • кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың (жаңа, кеңейту, қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қолданыстағыларды күрделі жөндеу) техникалық-экономикалық негіздемелерін орындау және сметалық құнын анықтау;
  • инвестициялардың тиімділігін арттыру, қаржы қаражатын жұмсауды оңтайландыру;
  • Тапсырыс беруші 1-4 жауапкершілік деңгейіндегі нысандар бойынша жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасынан өткен кезде сметалық есептеулерге (жергілікті сметалар, нысандық сметалар, жиынтық сметалық есептеулер) техникалық сүйемелдеу жасау.

Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде біздің сметалық бөлім қатысады:

  • Бас мердігер ұсынған орындалған жұмыстар актілерін, пайдалануға беру актісін, орындалған жұмыстардың құны туралы анықтамаларды, шығындар жиынтығын, орындау бойынша шығындар жиынтығын, кез келген жұмыс түрлері мен шығындарға калькуляцияларды және басқа да есептеулерді тексеруге;
  • Бас мердігер атқарушылық құжаттамаға сәйкес ұсынған сметалық құжаттаманың жобалық шешімдерге, ақаулық тізімдерге сәйкестігін, бағалардың, индекстер мен коэффициенттердің дұрыс қолданылуын талдау және тексеру жүргізеді.