Компания тарихы
«Қазақ Сантехжобалау» ЖШС КСРО Мемлекеттік құрылыс комитетінің (Госстрой) "Сантехпроект" мемлекеттік жобалау институтының Алматы бөлімшесінің құқықтық мұрагері болып табылады. Бөлімше 1959 жылы құрылып, көп ұзамай халқы 100 мың адамға дейінгі қалалар мен жұмысшы кенттерінің жылумен жабдықтау схемаларын әзірлеу, жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелерін жобалау, дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану, электродиализдік тұщыландыру қондырғылары мен блок-модульді қазандықтар салу жөніндегі Қазақ КСР-дегі жетекші жобалау ұйымына айналды. Сондай-ақ ел бойынша ұнтақты металлургия кәсіпорындарында жылыту мен желдетуді жобалады. 1980 жылы КСРО Госстройының бұйрығымен "Сантехпроект" мемлекеттік жобалау институтының Алматы бөлімшесі "Казахский Сантехпроект" мемлекеттік жобалау институты болып қайта құрылды.



Сандар тілімен тарих
Құрылған сәттен бастап компаниямыз 4500-ден астам жобаны жүзеге асырды.
Орындалған жобалар
Компания жасы
Қызметкерлер
Өндірістік алаңдар
Компания туралы деректер
«Қазақ Сантехжобалау» ЖШС қызметкерлерінің жалпы саны 100 адамнан асады. Компания жалпы ауданы шамамен 1200 шаршы метрді құрайтын өзіндік өндірістік үй-жайларды қамтитын материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Кәсіпорында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді. «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС қызметінің аясына сондай-ақ Экологиялық кодекстің, "Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды сауықтырудың кешенді бағдарламасының" және табиғат қорғау қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілердің талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау бөлімдері бойынша кешенді жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, авторлық қадағалауды жүргізу кіреді.


