Қоршаған ортаны қорғау бөлімі

Отдел охраны окружающей природной среды

Экологияның жобалаудағы рөлі өте маңызды, кейде тіпті шешуші болып табылады. Кейде дәл экологиялық немесе санитарлық-гигиеналық шектеулерге байланысты нысанды болжанған аумаққа орналастыруға немесе салуға болмайды.

Экология саласында туындайтын мәселелерді шешу үшін біз қоршаған ортаға және адам денсаулығына қатысты тәуекелдерді уақтылы анықтау мақсатында нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалаймыз.

Біздің мамандар нормативтік құжаттаманы жетік меңгерген, Қазақстан Республикасының экология саласындағы тиісті сертификаттарына ие, сондай-ақ жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауда үлкен тәжірибесі бар.

  • ҚР Экологиялық кодексі мен нормативтік-құқықтық құжаттамасына сәйкес әсерді бағалау және қоршаған ортаны қорғау;
  • Алдын ала бағалау жүргізу (жоспарланған шаруашылық және өзге де қызмет туралы; қоршаған ортаның жай-күйі туралы; қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлер және оларды азайту жөніндегі шаралар туралы ақпарат);
  • Нысанның қоршаған ортаға теріс әсерін азайтатын, жұмсартатын немесе болдырмайтын іс-шараларды анықтау, сондай-ақ олардың тиімділігін және жобалық шешімдерді іске асыру мүмкіндігін бағалау.