Электротехникалық бөлім

Электротехнический отдел

Кешенді жобалау-сметалық құжаттаманы орындайды:

  • кернеуі 0,4 кВ-тан 35 кВ-қа дейінгі өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандардың ғимараттары мен құрылыстарын электрмен жабдықтауды жобалау (оның ішінде кез келген күрделіліктегі цехішілік және блок-модульді орындалымдағы бөлу құрылғылары мен қосалқы станциялар);
  • барлық түрдегі электр жарықтандыруды жобалау (ішкі, сыртқы және аумақты күзету жарықтандыруы);
  • түтін мұржаларының жарық қоршауын жобалау;
  • кез келген күрделіліктегі жеке дайындалған электр қалқандарын жобалау;
  • траншеяларда және әртүрлі типтегі кабельдік құрылыстарда төсеумен кернеуі 1 кВ-тан 35 кВ-қа дейінгі кабельдік электр беру желілерін жобалау;
  • кернеуі 1 кВ-тан 35 кВ-қа дейінгі әуе электр беру желілерін жобалау (оның ішінде СІП қолданумен);
  • жерге тұйықтау және найзағайдан қорғау жүйелерін жобалау;
  • жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу (жаңа құрылыс, қайта жаңарту және кеңейту);
  • алдын ала жобалау зерттеуін орындау және жобаланған нысанның құрылысына авторлық қадағалау жүргізу.