Компания туралы

Тарихы

2

«Қазақ Сантехжобалау» ЖШС КСРО мемлекеттік құрылыс «Сантехжобалау» МЖИ Алматы бөлімшесінің құқықтық мұрагері болып табылады.
Бөлімше 1959 жылы құрылды және көп ұзамай жетекші жобалық ұйымы болды:

  • Қалалардың және 100 мың адамға дейін жұмысшылар кентін жылумен қамтамасыз ету сызбаларын әзірлеу;
  • Жылыту, вентиляция және ауаны жақсарту жүйесін жобалау, бейдәстүрлі энергия көзін, Қазақ КСР қазандықтарының блогты құрылысын және электродиализді тұщытқыш қондырғыларды пайдалану;
  • Елдегі ұнтақты металлургия кәсіпорындарында жылыту және вентиляцияны жобалау.

1980 жылы КСРО мемлекеттік құрылыс бұйрығы бойынша «Сантехжобалау» МЖИ Алматы бөлімшесі «Қазақ Сантехжобалау» Мемлекеттік жобалау институты болып қайта құрылды.


 

Институт бүгінде

1

Бүгінде «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС жаңа құрылыс, қазандықтарды, инженерлік желілерді және өнеркәсіптік кәсіпорын ғимараттарын, тұрғын үйлер мен әкімшілік-қоғамдық ғимараттарды қайта құру және техникамен қайта қаруландыру нысандарына арналған кешенді жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жетекші мамандандырылған ұйымдардың бірі болып табылады.

Компания қазандық агрегаттары, салқындатқыштар, сорғылар, құбыржол арматураларының көмекші қазандықтары, жылыту-ауа тазартқыштары және тоңазытқыш жабдықтарының өндірісі бойынша жетекші фирмалардың өкілдерімен тұрақты байланыста.

«Қазақ Сантехжобалау» ЖШС Қазақстанның инженер-энергетиктері Одағының және «АВОК» — жылыту, вентиляция, жылумен қамтамасыз ету және құрылыс жылу физикасы бойынша халықаралық инженерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Институт туралы фактілер

  • «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС қызметкерлерінің жалпы саны – 100 адамнан аса;
  • Институт жалпы алаңы шамамен 1200 м² меншікті өнеркәсіптік ғимараттарды қамтитын материалды-техникалық базамен жарақтандырылған;
  • Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жүйесі әрекет етеді;
  • «Қазақ Сантехжобалау» ЖШС қызметінің саласына сонымен қатар табиғатты қорғау қызметін реттейтін Экологиялық кодекс, «Алматы қаласының экологиялық жағдайын қалпына келтірудің кешенді бағдарламасы» және басқа да нормативтік актілердің талаптарына сәйкес қоршаған орта күзеті бойынша бөлімдерінің кешенді жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, авторлық қадағалау жүргізу кіреді.